18.05.2022
  116


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Аллаға шағыну

Бұл түн менікі-
Алла сыйлады.
Бұл күн менікі
Алла сыйлады.
Қандай жақсы болды
Маған-қиғаны.
Діліме нұр боп толды,
Шапағат-иманы.
Менің Аллаға қаратқан күн,
Жүрегімнің сенгені
Сүйікті Жаратқанның
Маған келгені.
Менің оны іздеуім
Жанымның керек қылғаны.
Оның мені іздеуі
Қолтығымның демеп тұрғаны.
Өмірді мен бұлақ деп білдім,
Қаталап əбден шөлдедім.
Алла, алдыңа жылап кеп тұрмын,
Бұйырсын бергенің.
Күндер, айлар, жылдар бер,
Есесін он есе қайтарам.
Ауырып қайта тұрған мен,
Өмірге келгендеймін қайтадан.
Алла, тілегім нақ менің,
Енді жолымды кеспесін шайтан.
Бір күн, бір түн-өмір,
неткен тəтті едің...
Қалғанын кейін айтам.





Пікір жазу