18.05.2022
  262


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Рабиби құдағиға

Туған күн құтты болсын, Құдағиым!
Балаға тола берсін мынау үйің.
«Ақылды əйел-жігіттің бағы» деген,
Оны тілмен жеткізу сірə, қиын!
Мəпелеп қыз баланы, ұл баланы,
Ананың көңілі дəйім гүл болады.
Ақылмен, жылы сөзбен, мейіріммен,
Өсірген балдарыңыз шын бағалы!
Кеңейіп сіз орнатқан керегелер,
Көбейіп өсе берсін немерелер!
Тілейміз денсаулықты, жақсылықты
Құдайым, шын тілесең, бере берер!
Өлеңмен біз жеткіздік, айтар жайды,
Сұлусыз, əжім тегі, байқалмайды.
Бөкеңмен қызықтарды бір көріңіз,
Баласы жақсы адамдар қартаймайды!





Пікір жазу