18.05.2022
  124


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бозінген

Ай нұрына шомылып, аппақ бота туғанда,
Аппақ таңға жете алмай қара көзін жұмғанда.
Тұлыпқа да иімей боздап інген турғанда,
Мөлт-мөлт етіп көзіңде моншақ жасы тұнғанда.
Бозінгеннің мұңынан асқан сірə, мұң бар ма,
Ащы даусын ананың жүрек бар ма тыңдарға.
Бозінгенді иіткен доомбыраның күйі екен,
Мəңгі өмірдің суындай тамып түскен шыңырауға!





Пікір жазу