18.05.2022
146
Домбыра
Сақталып ғасырлардан келген мұрам
Титімдей шанағынан өрген жыр əн.
Пернеңде сенің қазақ тағдырың бар,
Сен барсың жүректерде беу, домбырам!
“Қазақтың бар даласы əн салғандай!”
Деп бізге болса достар тамсанғандай.
Күйіңнен екпінімен, көп тілімен,
Боламын бір мұхитты тауыса алғандай.
Сендегі арман қандай, аңсау қандай,
Жүрегім жер жаһанға жар салғандай.
Домбырам, сөйле, сайра, тебіренейін,
Алдымнан атамекен қарсы алағандай.