18.05.2022
  135


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тың суреті, достық

Тыңға келді ағалар,
Жалын жүрек, сан ада!
Ақ түтегі ғана бар,
Алып тұрған жағадан.
Қазақ жері-кең өріс,
Достық отын жағсты.
Орыс, қрыз, белорус,
Өзбек – мұнда табысты.
Қонақ сүйген ғұрпымен,
Қабыл алды ел түгел!
Бауырсағы, құртымен,
Қазысымен, жентімен.
Тыңда туды босаға,
Сəнді совхоз, үй жайлы.
Туындатқан осы ара,
Миллардтық дайды.
Бəрін айту мүмкін бе!
Ерлер солай шырқады.
Музейде тұр бұл күнде,
Тың даланың «тұлпары».
Ақ бөлкені қарағым,
Дүкендерден аласың.
Біле жүрші, қарағым,
Маңдай тердің бағасын.





Пікір жазу