18.05.2022
  165


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Рақмет

Отыра сап партама,
Сөмкемді аштым асыға.
Мама берген екі алма,
Бірін бердім досыма.
Маған қызық көрінді,
Апыл-ғұпыл жегені.
Досым мені жеді де,
Маған рақмет демеді.
Жақсы көре мен досты,
Жақсы оқиды – бұл анық.
Рақмет деген алғысты,
Тыңдар едім қуанып.





Пікір жазу