18.05.2022
128
Базарда
Айнала түгел күміс қар,
Аяқтың асты қатып тұр.
Қолғапты кемпір уыстап,
Қып-қызл гүлдер сатып тұр.
Гүлдер де бейне балапан,
Бұтада туып көгерген.
Суық-ау мұнда тек оған,
Суық-ау қанш дегенмен....
Аяздан қорқар түрі жоқ,
Суыққа несін қарасын!
Барады бір-бір қызыл от,
Аралап елдің арасын!
Солмады бірақ, тіпті олар,
Самолеттерден шықты олар,
Хабаршы көктем гүл боп.
Мереке үйде, дала – қар!
Қуанту үшін мамасын.
Алуда сыйлық балалар!