18.05.2022
  181


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Отырар

Кез өтті, қан қысымнан жан қысылған,
Тұратын шарпысдан, тартысудан.
Мен – жиырмасыншы ғасырдың балапаны
Өтіп бар жатырмын дəл тұсыңнан.
Отырар – ойсыраған ойлы батыр
Ойымды онға бөліп, қойдың ақыр.
Көмулі астыңдағы қылышындай,
Астында жүрегімнің бомбы жатыр.
Талқаны тағарады тауысылған,
Тағдыры бір-ақ тұтам жол ұсынған.
Он үшінші ғасырда ойран болған,
Оянамын мен сенің дауысыңнан!
Секілді ғасырлардың үрген шңы,
Томсыраған топырағың күйген сары.
Тарихтың шоқпарының тағ да бір –
Отырар, сен маңдайға тиген шағы.
Шор жара, шомбал мүсін қорлық көріп,
Өгейсіп, өзгелер жол күтпедік.
... Отырар, қаным менің!
Тоқтап қалған...
Маңдайдан төмен қарай сорғып келіп!





Пікір жазу