18.05.2022
  142


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Коммунист

Нұсқау алған көсемнен,
Күрестерде есейген.
Жақсылыққа жүрегі,
Толып жүрер үнемі.
Қамқор адам кішіге,
Адал адам ісіне.
Тізгінбасы қоғамда,
Ізгі жолдас адамға.
Бақыт тілер саған да,
Бақыт тілер маған да.
Бейбітшілік тілегі,
Туған елдің тірегі.
Үмітпенен қараған,
Əлемдегі бар адам.
Планета- кемені,
Алға бастап келеді.
Ел тірегі – жан ағам!
Жер тірегі – жан ағам!





Пікір жазу