18.05.2022
  125


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Кім болам? Шопан

Он өлшеп бəрін бір кескен,
Қар жамылып мұз төсенген.
Маң дала, малмен бірге өскен,
Отармен таңда қоса өрген.
Құлаш жал, шоқпар кекілді
Ат мінген – жалпақ жаясы.
Жайылған қойы секілді,
Жанынан қымбат даласы.
Шопанда – дала баласы.





Пікір жазу