18.05.2022
205
Шекарашылар
Шекарада кімдер бар?
Шепке берік ерлер бар!
Төзімдері – тереңдей,
Қайсарлығы – емендей,
Олардан жау аса алмас,
Қарыс қадам баса алмас,
Граниттей қамалы,
Біздің совет адамы!
Аялайды гүлді олар,
Аймалайды күнді олар,
Ел ұйқысын күзетіп,
Ұйықтамайды түнде олар.
Қиындыққа көндіккен,
Егіз туған ерлікпен,
Шекарашы кім болар?
Отан сүйген ұл болар!