18.05.2022
155
Шекарашы
Қар жамылып, мұз басып
Табанынан сыз өткен.
Қимылдап сақ, із басып
Шекараны күзеткен.
Елдің сенген ұланы,
Сергек қарап тұрады.
Бейбітшілік шуағын
Күзетеді қырағы.
Сабыр, ақыл серігі,
Қиындыққа көндіккен.
Шекарашы – ел ұлы,
Егіз туған ерлікпен!