18.05.2022
204
Мазақтама
Амантайдың Нұрланы,
Айта алмайды «Р» - ды əлі.
- Ертегі, - деп айт десең,
- Ейтегі, - деп тұрғаны.
Тілің жаңа шыққан ба?
«Р» - ды үйренбей, түк қойма.
Нұрлан деген өз атың,
Нұйлан болып шықпай ма?