18.05.2022
126
Жылауық
Алты жасар Азамат,
Айқай салып жылайды.
Жұрттың бəрін мазалап,
Жоқ нəрсені сұрайды.
Атасы да, апасы,
Əзер-əзер шыдайды,
«Қой» деп қалса ағасы,
Шалқасынан құлайды.
Айтыңдаршы бұл мінез,
Кай адамға ұнайды?
Тоқтамайтын бірауық-
Аты оның- жылауық!