18.05.2022
  197


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қошақан

Қозы, қозы, қошақан,
Көк шөп шықты, жей қойшы.
Қой өсірген момақан,
Құйтақандай мен қойшы.
Көк шөптерді суырып,
Жайылыңдар далада.
Жаңбыр жауса, жүгіріп,
Тез келіңдер, қораға.
Қозы, қозы, қошақан,
Қосылып, кел, ойналық.
Атам Батыр атанған,
Кішкентайдан қой бағып.





Пікір жазу