18.05.2022
  78


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Сауал

- Көздің неге керегі?
- Ол жақсыны көреді.
- Неге керек құлағым?
- Ақыл тыңда, шырағым.
- Неге маған тіл керек?
- Алғыс айта біл демек.
Адамдарға дəл, тура,
Алғысыңды айтуға,
- Жүрек неге берілді?
- Сүю үшін Еліңді.
Көз, құлақ пен тіл керек,
Жүректі бол, гүл бөбек!





Пікір жазу