18.05.2022
98
Тәубә
Я, Алла, Əкемді алдың, сынақ беріп,
Жүруші ем, таудай медет, қуат көріп.
Жалғанның тұтамдығын сезінген ол,
Жылап кетті өмірден, жылап келіп.
Тағдырдың диірменінен бүтін шығып,
Жандыға жасамады күпіршілік.
Ғұмыры біздерменен жалғасуда, Я, Алла, бергеніңе шүкіршілік!
Тəубə! Тəубə! Тəубе!