18.05.2022
  151


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мамыт боп жазған өлең-хат

Адасқақ өмір кез келіп,
Алыстап кеттім бəріңнен.
Ми шатасып, ойлар басып,
Ет азайды тəнімнен.
Алдың ашық, басың бос деп,
Қоштасып кеттім жарыммен.
Əбдімəлік-бала жас,
Жанашыр əке табылмас.
Көзінің қырын салар ма,
Қаны бірге қарындас.
Жалтақтап жүріп біреуге,
Жетпейді-ау арман, тілеуге.
Келмегендей өмірге,
Жетімдік көрер есіл жас.
Жалынамын Аллаға,
Жар бол деп жаңғыз балаға.
Еріксіз елден айырылған,
Əкеде ақыл бола ма?!
Жастығымды жоқтайын,
Сабыр етіп тоқтайын
Кеткен өмір келер ме,
Мылтықтан шыққан оқтайын!





Пікір жазу