18.05.2022
  147


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әбдімәлікке

Сағынсаңыз əке деп,
Сөкпегін жолың қате деп.
Күте алмадым мен сізді,
Қасыңызда мəпелеп.
Кезіп кеттік жер ұшын,
Заңменен болмай келісім.
Есіміз екеу, түс төртеу,
Елжіреп жүрек сен үшін.
Күтіңіз мені бағалап,
Болыңыз жақсы азамат.
«Пəленшенің ұлы» деп,
Шығармаңыз жаман ат!
Тыңдайтын болса шын құлақ,
Сөзім сізге-ғибрат.
Балабек жəке, бар болсаң,
Балам Сізге аманат!
Амандық болса барармын,
Қызметіңе жарармын.
Балабек жəке, баламды,
Аманат қолдан алармын.
Ой жеткенге бой жетер,
Қапалық тілді сөйлетер.
Жаман ат етке жабыспас,
Еркіндікке қол жетер.
Осы сөзім біл рас,
Шетте қалса ғазиз бас.
Бірдің де түбі-мың деген,
Перзентім қалған бір мирас.





Пікір жазу