18.05.2022
134
Арғы атам Көктің ұлы
Арғы атам Көктің ұлы-Тəңірберген,
Оразкелді, Бұғышы одан бермен.
Ерімбеттің жалғызы Мамыт едім,
Жақсы деп талай адам соңына ерген.
Туған жер, өскен елім артта қалып,
Жылжып жүре берді ғой өмір-керуен.
Қарай-қарай зарығып сабыр кетті,
Бұрынғы бір адам жоқ өзім көрген.
Қараймын тор тесікке көзім талып,
Атар таң, батар күнім өтпейді анық.
Бұрынғы өткен өмір еске түссе,
Қамығып, қайғырасың жылап,налып.