18.05.2022
  268


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

АҚЫРЕТ АҚИҚАТЫН ТАНУ

Біліп алғын, ақыреттің ақиқатын ешкім де тани алмас. Қашан өлім ақиқатын танығанша, өлімнің ақиқатын білмес. Қашан тірлік ақиқатын танығанша, тірлік ақиқатын танымас. Қашан рухының ақиқатын білгенше, рухын тану ақи- қаты, өз жаратылысын танумен байланысты екенін жоғарыда айтып өткенмін. Жоғарыда ай- тылғандай, адамның денесі қызметкерлерден ғой. Екі асылдың бірі – рухы, біреуі – дене болмы- сы. Ал рух – атты кісіге, дене болмысы – оның қызметкеріне ұқсар және бұл рухқа ақыретте қызметкер орындаушы ретінде, дене қалыбының қажеті болар. Және оған жұмақ пен тозақ та бар. Ол pyx қалыбының ешқандай серік немесе өнімі болмай, өз затына да қажеті болмас. Онда тозақ пен жұмақ, бақыт пен бақытсыздық та бар. Бар игілік ләззаттары діл қалыбына сай пайда болмай, өздігінше пайда болар. Бұларға «Жұмақ рухани» деп ат қойдым. Ғалам және бақытсыздық, дене қалыбының орындаушысы болмастан, рухқа жетуін «От жалын руханиы» деп атадым. Бұлар- ды «Жұмақ пен тозақ» деп атайды. Орындаушы қызметкер денемен бірге болар. Жалпыға мәлім жұмақта түрлі-түрлі дарақ, миуа, шербет, пәк таза шарап, әдемі сарай, хор қыздары, түрлі қажетті игіліктердің бәрі бар. Ал тозақ ішінде жылан- шаян, от-жалын, көлеңкесіз, көріксіз ербиген алып дарақ, ысқырған ыстық самал және бұдан басқа да азаптаушы ғаламаттардың көп екені мәлім. Жұмақ пен тозақтың сипаты Құран хабарларын- да мәлімденген. Бәрін де пайымдайтындай етіп


„Ихио” атты кітабымда өлім жайында айтылған сөзімде баяндағанмын. Бұл жерде өлім ақиқатын баяндамаймын. Рухы жұмақ және тозаққа иша- рат жайынан айтпақпын. Бұларды әр адам біле бермес. Осы жайында Хадиси құдсида хабар бе- ріп: «Жақсы жолдағы пенделерім, жақсы жол- дағы пенделерім үшін, бәрін де дайындап қой- ғанмын, оларды біреу көрмеген де, біреудің құ- лағы есітпеген де, олар ешкімнің де қаперіне келмеген де” дейді. Ал бұл дәулет пен игіліктер жұмақ руханида болмақ, ділдің ішкі жағынан, ғалами періште жағына қарай есік бар. Сол есік- тен жоғарыда айтылған игіліктердің бәрі еш- қандай шүбәсіз анық көрінер. Ол адамдарға жұ- мақ есігі ашық болар. Ақыреттің бақыты, ша- рапатының несібесі, өткір көз, сезімталдық – қа- сиетті нәтижесімен раушандалып, анық көрініп тұрар. Естіп, ғибраттанудың қажеті жоқ. Бәлкім, сондықтан да денеге тәуіптің бақыт әкелуі немесе бақытсыздық әкелуі мүмкін, оны саулық неме- се кесел ауруы деп айтар. Саулықтың себебі, аз- аздан өте тоя жемеу. Бір қалыпты мөлшермен жеу керек. Ал кеселденудің себебі, мөлшерден артық тоя жеудің себебінен болар. Осыған ұқсас тәжірибелерімен мәлім болуға тиіс. Ділге, яғни рухани адамға бақыт та, бақытсыздық та бар. Ғибадат пен мағрипат (ілім-білім) бақыттың дәруі, білімсіз надандық – бақыттың тосқауылы, у-захәәрі деуге болады. Сонымен, бұл ілім – ең бір ғазиз және теберік те. Ғұламалар бұл ілімді көп үйрене алмадық деп өкініште болар. Бәлкім, кейбіреулер ілімге іңкәр емес, тән алмайтындар болуы мүмкін. Жұмақ-тозақты қолымен ұстап, көріп, сезетін жанды дүние деп түсінер және ақыретті тану үшін есту, тыңдау, ғибраттану ар- қылы нақпа-нақты біле алмас.


Бұл сөздерді кең түрде талдауды „Ихио” атты кітапта көптеген дәлелдермен баяндағанмын. Адамдар зерек және дана болып, ішкі жан дүние- сін күнәдан таза ұстаса, бұл ілімге жол тауып ақырет діліне мықты және берік болар. Керісін- ше жағдайда, халықтың иманы ақыретке зағиб және сус болар (яғни ақыретке соқыр сеніммен бару деген сөз). Егер ақиқатты қаласаң, өлімнің әсерінен осыларды пайым қылғайсың адамда екі рух бары белгілі болды. Бірі – хайуани рухы, бірі – періште рухы жынысынан. Бұны адами немесе Инсани рухы деп атайды. Рух – хайуани- дың мағынасы сол діл болар. Бұл деген – бір парша ет, адам кеудесінің сол жағына жайғастырылған. Рух – хайуани құрылыс шеберлерінің тілсіз сөз- деріне ұқсас, хайуаннаттың ішкі жан-дүние- сінен болар. Оның мінезі мен әдеттері тағат ғи- батшылар сияқты. Рухани-хайуани – бұл бір рух. Яғни, зауарип атты тамырдың әрекет ықпалы мен көмейге және дененің қабат ағзаларына тар- ар. Рухы күш-қуат, қимыл-әрекеттерді көтеріп жүруші болар. Уақытымен бұл рухы тамыр мен көмейге жетсе, ыстығы көтеріліп, тағат-ғи- батшыл болғысы келер. Көз сол рухтың қуаты- мен көре алар. Құлақ та соның ықпалымен ести алар. Бәлкім, жалпы сезімдердің бәрі де, сол рух деп қуаттанар. Сонымен, рух-хайуанның мы- салы – шыраққа ұқсар. Шырақты қараңғы үйге қойса, қараңғылықты жарық етер. Осыған ұқ- сас, Әзіреті Хақ, нұрлы тағаланың құдіретімен рух хайуани денеде болмақпен бірге көру, есту және басқа да сезімдер арқылы қуатқа ие болар. Егер бағзы тамырға тоған байлап, рух-хайуани сейілге шықса, ол түрлі іс-әрекеттерден қалып, қураған шөлге айналар. Сонымен, рух-хайуани – шырақтың отына ұқсас, ал діл – пілігіне ұқсас. Сондықтан шырақта май болмаса, шырақ өшер. Осыған ұқсас адам ішіп-жемесе, хайуани-рух халі нашарлап, жеңіліске ұшырап, адам өлімге тап болады. Шырақтың пілтесі май талап ет- кен сияқты, хайуани-рухы да ішіп-жеуді талап етер. Сол сияқты шыраққа таяқ немесе тас тисе, ұшып түсер. Егер пілік пен майы орнында бол- са жанады. Осыған ұқсас адамға, хайуанға қатты зақым жетсе, оның себебінен өлер. Егер рух хайуанидың сипаты тағат-ғибадатта болған күнде де, рух-хайуани қуат пен сезім әрекеттерін Хақ нұрлы Алла тағаланың жол дәстүрімен, аспан періштелері – нұр сәулесі арқылы қабыл- дар. Уақытымен рухи-хайуани мінез сипатын- дағы ыстықтық үстемдігі, не болмаса суықтық қасіретінің көбеюі, басқа себептердің басым- дығымен періштелер нұрын қабылдауға мүмкін- дігі болмай қалар. Сол себептен айнадай анық, болса, барлық суреттерін қабыл қылар. Уақыты өтіп, шаң басса, қараңғы күңгірт тартса, еш- қандай да суретті қабылдай алмас. Рух-хайуани періштелер нұрларын қабылдауға, бар қалыбымен ғибадатта болуы шарт. Уақыты жетіп рух-хайуа- ни әдеті жоғалса, періштелер нұрларын қабыл- дай алмас, сезім әрекетінен де қалар. Сонымен, адам мен хайуандардың өлгені осылар болар. Бұл рух хайуани әдеттерін қатардан шығарып тастаудың себептерін іске асырушы, Алла тағала Махлұқатының мақлұғы оны «мәләкул мәуіт» деп атар, халайық содан біліп алар. Рух ақиқа- тын  танымаған  жағдайда  хайуанат өлгенінің мағынасы осы болар. Жалпы адамның өлуі және бір себеппен болар. Өйткені адамда рух-хайуани бар ғой. Және бір рух бар екен. Оны рухи адами деп атағанбыз. Және оған діл деп ат қойдық. Өткен тараулардың кейбіреулерінде баяндаған болатынбыз. Алайда, рух-адами – рухи-хайуа- нидан емес. Рухи-адами жасайды, яғни дене емес. Сондықтан тағдырды қабылдамайды. Хақ тағаланың ілім-білім мағрупаты рухи-адамида қарар табар. Хақ тағала жеке дара болғандықтан, ілім үлесін қабыл қылмас. Даралардың мағри- пат ілімі де жеке болмақ. Ілім үлесін қабылда- мас. Хақ тағаланың мағрипаты ілім үлесі өзінде ғана қарар табар. Сонымен пілік, шырақ оты, нұр шырақ, бұл үшеуін байқап көргін: пілік – діл- дің мысалы, шырақ оты – рухани-хайуанидың мысалы, шырақ нұры – рухи-адамидың мыса- лы. Сондықтан шырақтың нұры, шырақ отынан абзалырақ. Оған анықтаманың керегі болмас. Рухи-адами да осыған ұқсас – рухи-хайуаннан артығырақ үлес тарату оған жол таппас. Бұл мы- сал рухи-адамидың маңызы мен нәзіктігіне на- зар салмақпен анықталар. Және бір себеппен, бұл мысал анық дәлелденбес. Шырақтың нұры шыраққа бағынышты және оның шашыраған шапағаты бұтақ тармағы сияқты. Уақыты келіп, оның әсілі, негізі жоқ болса, одан тарайтын нұры да жоқ болар. Сонымен, рух-адами, рух- хайуаниға тәуелді емес. Анығы рух-адами жоқ болмас, бәлкім, мұны қаласаң иман нұрын жо- ғары етерсің, шырақтың нұрынан жақсырақ бол- сын десе, шырақтың бір жағы ол нұрмен болғай. Ол уақытта бұл мысал дұрыс келер. Ал рухи-хайуани – рухи-адамидің қызметкері сипатты. Уа- қыты жетіп, рухи-хайуани жоқ болса, өлсе – со- лай болмақ. Онда бәрібір рухи-адами өз жайында қалар. Бірақ қызметкерсіз әлсіздікте болар. Ал қызметкердің өлуі, хал-жағдайын нашарлатқа- нымен, атқа мінерлері де түгелдей жоқ болмас. Сонымен, рухи-хайуани, рухи-адамиға куш-қуат беретіндерден екен. Хақ нұрлы Алла тағала, мағ- рипат ілім-білімін көсем басшы еткей! Егер мағ- рипат көсемін қолға берсе, хал жағдай және қыз- меткерлері жоқ болмағы, рухи-адамиға жақсылық болған артықшылықтан құтылар. Бұл жайында Әзіреті расул акрам: «Өлім – болмысқа сауға да тартуда» депті. Сонымен, кісі әрбір демін сайдтік үшін (көсемдік үшін) сақтар. Уақытымен сайд- тік қолға келсе, демінің таусылып, жоқ болуын ғанибет деп білер. Егер Алла тағаладан пана ті- лемек, сайдтік қолға келместен, ілгері (бұрын), бұл жағдайға сай қызметі болмаса, оның қасіреті мен күнәсіне шек жоқ. Бұл ғалам қасірет-азабы қабірінің алғашқысы болар.





Пікір жазу