ДҮНИЕНІҢ АҚИҚАТЫН ТАНУ
Дүние – мезгіл сипаты. Адамдар – жолға шы- ғулар, олардың жолдары Алла тағаланың кеңдігіне аттанады. Дүние базары – кең-байтақ, дала сахара жолдарымен шектесіп жатар. Тек мүсәпірлер ғана ол базардан керектілерін алады. Дүние мен ақы- рет екі түрлі қасиетімен ерешеленер. Өлгеннен кейінгі кезеңді ақырет дейді. Мақсат сол болар, бұл дүниеде ақыретке қажетті заттарды дайындап алу болар. Алла адамды әуелде жаратқанда өте қарапайым, көптеген кемшіліктермен жаратып- ты. Солай болған күнде де уақыты жетіп, кемел- денуне жағдай жасапты. Әзірет Хақ тағала өзінің кеңдігімен кемелдендіріпті, ол жарылқағандары- на да жамалын көрсетушілерден. Адамның ең соңғы бақыт сағадаты да осы болар. Адам көру- шілер қатарында бола алмас, қашан көңіл көзі ашылғанша, ішкі жан дүниесінің көзі ашылмай, Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сол сияқты, ілім-білімін де көре алмайды. Ал ілім-білім – Алла тағаланың дидарын көрудің кілті. Хақ тағаланың ғажайып жаратылысымен кемде-кем ұшырайтын күшіті құдіретін көрудің құлпын ашып берер.
Алла тағаланың жарату тәртібінің кілті бес сезім қалауында болар. Тән қалауы – адамдағы ажы- рамайтын қалыпты жағдай су мен топыраққа байланысты. Сондықтан су мен топыраққа тү- сіпті. Ал бұл ғаламнан керек-жарақты заттарын дайындап, өз жаратылысын тану мен қалау жолы өнерімен Алланы тану арқылы, Хақ тағала ілім
– білімін бойына дарытар. Уақыты жетіп, қалау қасиетінен айрылса, ақыретке барғаны болар. Ал адамның дүниелік болмысының себебі осы- ларға сабақтасатыны баяндалады. Адамның дү- ниде болуы екі түрлі жағдайға қажетті. Бірі – діл. Ал діл талаптары – Хақ тағаланың ілім-бі- ліміне құштарлығында. Таратыңқырап айтсақ, әр нәрсенің дәм-тұзы өз кезегінде қажетіне лайықты болар. Бұл жағдай жоғарыда баяндалды. Ділдің жойылуы себебі сол болар, Хақ тағаланың өзге нәрселермен достасуға бет бұрар болса, тәнді сақтау діл үшін қажет. Тән – пәни-өткінші, діл – мәңгі-бақи болар. Сонымен тән ділге, қажылардың түйесіне ұқсау деуге болады. Қажылар қажылық жолында сапарда жүргенде қажет болғандықтан, түйелерге су, пішен, басқа да жетіп жатса, ол бей- неттер естен шығып кетер. Ал түйелерді бағу, қажетті жағдайлардың бірі еді. Уақытымен әр қажетті жағдайларға көңіл бөлінбесе, керуен то- бынан ажырап қалып, адасып опат болуы сөзсіз жағдай. Дәл осыған ұқсас, адам да денесін тәр- биелеуге көңіл бөліп қарамаса, қажетті қару жа- рақтарынан жұрдай болып, ақырет бақытынан мақрұм қалар. Дене – бұл дүниеде үш нәрсені қажет етпеуі мүмкін емес: жемек, кимек және мекен-жай. Ішпек-жемектік – тағат-ғибадат қылу үшін қуат пайда қылар. Ал киім денеңді сақтауға қажет, мекен-жай ыстық-суықтан сақтап, басыңа пана болар. Сонымен, адамға дүниеде бұлардан қажетті зәрулер кем болар. Бәлкім, дүниенің не- гізгі қажеттілері де осылар болар. Ал ділдің ең қажеттісі – Хақ тағаланың ілім-білімі болар. Егер бұдан айырылса, жоғалғаны деуге болады. Дегенмен, Хақ тағала адам денесіне шауһат құш- тарлығын пайда қылыпты, оның қалауы әрдайым тамақ ішпек-жемек, жеңіл, әдемі киінбек және үй салуды талап етер. Ал дене болса, рухының қызметкері қашан өлгенінше шауһатты бойында сақтар. Шариатты Пайғамбар Әлейһус салам сөздерімен жіберді. Шариаттың негізгі шартта- рын сақтауға ықтияттық жасау қажет. Алайда бұл шауһат шабыты адам денесінде жас сәбилік шағында пайда болғандықтан, ақыл мен шариғатқа көсемдік жасады. Сондықтан адам да бар қымба- тын тағам және киім, үй-жайға жұмсады.
Осымен сен дүние, ақырет ақиқатымен дүние- лік талаптардың (қажеттіліктердің) бәрін таны- дың. Енді дүниеде бұтақталуын және шүбәлі жерлерін танып ал.