АҚЫЛ ЕРКІНДІГІНІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ
Бүл ақыл еркіндігіне қол қою өз алдына бір мәселе. Хақ тағаланың әрбір жарлығынан шыға- тындардан екен. Ал бұл мәселенің қате болмағы білімсіздіктен пайда болар.
Әуелі негіз – көптеген білімсіздіктен құрала- ды да, Хақ тағалаға иман келтірмеуге тіреледі. Хақ тағаланы да көзбен көріп, қолмен ұстап кө- руді талап қылар. Оның мекенсіз де, тұлғасыз да екенін білместен, көзбен көргісі келер. Жалпы жаратылыс ахуалын жұлдыздар мен табиғатқа байланыстырар. Олардың айтуынша адам мен жан-жануарлар – барлық жаратылыстағы құбы- лыстар өздігінен жаралған, өзінше пайда болған дейді. Әр уақытта пайда бола бермек дейді. Иә, бәрі де о бастан табиғи, өзінше пайда болар және біреудің себебімен пайда болар деп бар даусымен жариялар. Сондықтан бүл топтағылардың мыса- лы – бір сауатты жазылған кітапты көріп, бұл кітап та өздігінен пайда болған дегенге ұқсайды. Тура- сын айтса, бұл ғаламның жаратылуына іңкәрлігін ғана аңғартар. Адамдар бұл жағдайға бой ұрса, бақытсыздықтан өзгені көрмес Табиғатшылар мен жолбасшылардың қате көзқарастары жоға- рыда баяндалды.
Екіші негіз – ақыретті қаламаушылар. Олардың айтуынша, адам жан-жануар мен өсімдікке ұқсас. Уақыты жетіп өлсе, жоқ болар. Оған сауап та, азап та болмас. Ал бұл білімсіздер өз жаратылы- сына сәйкестендіріп, өздерін әрбір жәндік неме- се өсімдік қатарында санар. Ол топтағылар да адам ақиқаты жайында айтылғанымен, оны та- нымайды, ол рух мәңгі-бақилық өлмейтіннен еке- нін білмес. Денеден ол рухты алады, оны өлім деп атайды. Бүл сөздердің ақиқатын төртінші тарауда баяндағанмын, иншалла Алла Тағала.
Үшінші негіз – бұл білімсіз топтар. Құдай та- ғаламен ақыретке иманы кәміл болар, бірақ ша- риғат мән-мағынасын білер емес. Олардың ай- татыны – ғибадат және күнә оның кеңдігіне ба- рабар. Бұл жағдайды Құран да көрмей ме екен, Хақ нұрлы Алла тағала «Фитир» сүресінің 18-аятында және «Анкабут» сүресінің 6-аятын- да: «Кісілер өзін күнәдан пәк ұстапты, бұдан өзге емес те, өз жаратылысының мән-мағына қасиеті үшін күнәдан өзін пәк ұстапты. Адамдар кәпірлер- мен күрес істепті. Бұдан басқа ештеңе де емес, өз жаратылысының қадір-қасиеті үшін күресіп- ті және олар жолдарын туралаушылардан, тек өз жаратылысының қадыр-қасиетін істер. Яғни, бұл қылған амалдарын қиямет күні өзі көрер. Ал бұл сияқтылар шариғатқа теріс қарайтындардан».
Кейбір күмәнданатындар, қызметті – кісі Құ- дай үшін істер, өз табиғатынан істемес дейді. Бұлар, мысалы, сондай ауруларға ұқсар – өзі күтінбесе, тәуіптің айтқанын істеу-істемеуден тәуіпке келетін не зиян бар дейтіндерден. Бұл сөзі шындық, бірақ күтінбегені – аурудың асқы- нуына себепкер болушы, ал тәуіп сауығудың жолын көрсетуші және оны дәлелдеп беруші ғой. Сондықтан дәріні жеу-ішумен қатар, күтіну – дененің саулығына себепкер. Тағат қылмақтан ілімділік пайда болса, күнә істеуден сақтанып күтіну – ділдің саламаттығына себепкер болар.
«Шуара» сүресінің 88–89-аятында: «Ол күнде мал дәулеті пайда бермес, Алла құзырына таза келген кісілерге ғана пайда берер» депті.
Төртінші негіз – бұл топтың өкілдері шариғат үкімдерін білмейтіндерден тұрады. Олардың ай- туынша, шариғат үкімі ділден – шауһат пен ға- зап ашуды және екіжүзділікті босату шарт дей- ді. Ал бұл сөздер дүрыс деуге болмайтын және орындалмайтын қиын үкім. Сипаттап айтсақ, олардың бұл сөздері қара киізді жуумен арту керек дегенге үқсайды. Бұл болмайтын сөз, бұл білмес- тік және ақымақтық деуге болады. Шариғат бұн- дай іске жарлық бермейді. Ал шариғатты жарлы- ғы «шауһат пен азап ашуды – ақылдың тұсында тұтқын етіп ұстау керек» дейді. Шариғатқа ақылға басым болмасын және көсемдік жасамасын дейді. Ал пенде шариғатты әрдайым есінде сақтағаны ләзім және күнәкарлықтан сақтанғаны жөн. Сон- да ғана Хақ Тағала кешірімді болар. Бұл істерді орындайтын мүмкіндігі бар. Көп адамдардың бұл мәртебеге қолы жеткен, Әзіреті Расул Акрам саллалаху алайхи салям: «Адамдардың ойында ашу ғазабы, шауһат шабыты болмаса, қатын құр- лы емес. Мен де адаммын, ашуланамын кейбір адамдар ашуланғаны сияқты» депті. Алла Таға- ла «Әл-и имран» сүресінің 137-аятында: «Сіз- дерден де ілгері көп жолдар – тәжірбиелер өткен. Ал жерді айналып жүріп, Алланың дінін жалған дегендердің жаман салдарының қандай болаты- нын бір көріңдер» деп хабарлапты.
Алла тағала ашуын жұтушы, халықтың күнә- сін кешірушіні мадақтапты. Тегінде ашусыздар- ды мадақтамапты.