18.05.2022
  204


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

«СУБХАНАЛЛАҺ УАЛХАМДУ ЛИЛЛАХ» МАҒЫНАСЫН БІЛУ»

Сүбханаллаһи уалхамду лиллахи уа лә иләһә илаллаһу уаллаһу әкбар! Мағынасын білгейсін, бұл сөз талдаудың қысқаша жинағы. Хақ таға- ланың пәктігін білгенін – Сүбханалланың мә- нін білгенің болар. Уақытымен өзіңнін падиша- лығыңның іс-әрекетінен Хақ Сүбханаһу уә та- ғаланың падишалығын таныдың да, жалпы мақ- сатқа жету құралдары оған тәуелді және жазушы қолындағы қалам оның мысалы болар. «Әлһам- дулиллаһ» мағынасын білсен, Хақ тағаланы білсең өзге ризық-несібе беруші жол екенін білгенің. Ал Хақ тағаладан өзгеге мадақ пен шүкіршілік етуге лайықты арзитындай да еш нәрсе жоқ және Лә иләһә илаллаһ мәнісін білгенің болар. Енді Аллаһу әкбардын мәнісін білгейсін. Біліп алғың, Хақ та- ғаланы халық өздеріне ұқсас қылмақ пенен ғана біле алмас. Аллаһу әкбардың мағынасы, Алланың өзінен өзгелерді ұлығырақ деп болмас. Талдап көрсек, Хақ тағалаға теңдес ешбір де зат жоқ екен, Хақ тағалаға осыны лайықты деп танумен бірге жалпы ұлықтық онда болса және барлық жараты- лыс Хақ тағалаға нұр шұғыласынан болар. Мәсе- лен, жалынның нұрын сол жалыннан ұлығырақ деп болмас, сол сияқты бөліп те болмас. Сондықтан Аллаһу әкбардың мәнісі сол болмақ – адам ақылы оны тек салыстырмалы жағдайда ғана танығай. Алла сақтасын. Қазіреті Хақ тағаланың пәктігі мен дәулеті адамның пәктік дәулетіне ұқсас болмас. Хақ тағала жалпы жаратылысқа ұқсамақтан сап таза, адамдарда нендей ықылас болмақ, Аллаһ сақтасын! Хақ тағаланың падишалығы пәк және биікте – адамдарда қандай ол сияқты қәдір шара- пат болар.


Бәлкім, бұл айтылғандағы лайықты үлгі шы- ғар – Әзіреті Хақ нұрлы Аллаһ тағаланың кемелі және ұлылығын танымаққа. Адамдар кемшіліксіз емес – әлсіздеу де, тек болжам көрегендікпен жол табады. Сонымен, баяндалған сөздерде мысалы – соған ұқсас.Егер нәресте бізге сауал берсе:


«Падишалық және мемлекет басшысы болмақ- тық амалы мен ләззаты қандай? десе, жауап айтар едік: «Асық, доп ойнаудың ләззатына ұқсар» деп. Өйткені жас нәресте бұдан артық айтқанды түсіне бермес және адам ол нәресенің нендей зат екені- нің ақиқатын танымақ қой, салыстырумен оны бі- ліп болмас. Мәлім жағдай – падиша салтанатының ләззатына, асық, доп ойнау ләззаты жанаспайды. Бірақ әр екеуіндегі шаттықты ләззат деп айтса болады. Жанына жақын болу себебінен де сал- танат ләззатын, ойын ләззатындай деп балаға аң- ғартуға болар. Ал бұған ұқсас Хақ тағаланың ке- мелі мен ұлықтылығының ақиқатын өзінен өзге ешкім де білмес.





Пікір жазу