ТАБИҒАТТАНУШЫ- МАТЕРИАЛИСТЕР ОСАЛДЫҒЫ
Халық арасында бұл мәселеден толығырақ түсініп берілсе, бәрі де шындық деп айтар еді.
Бірақ бағзылары көрмесе де көріп-білгендердің дауын айтар. Бұлардың мысалы – көзі көрлерге ұқсас деуге болады. Есіткенім бар еді – олардың мекеніне бір піл келіпті. Кілең көзі көрмейтін көрлер жиналып келіп, пілді қолдарымен сипап танымақшы болады. Кейбіреуі пілдің құлағын, біреуі аяғын бірі тісін сипап, асып-сасып ол жер-бұл жерлерін ұстап, байқағансып,қалған соқырларға піл жайында хабар беріп,аяғын ұстағаны – ұстынға ұқсаған екен десе,тісін ұстағаны – япырай піл пышаққа ұқсаған нәрсе екен дейді. Ал құлағын сипап көрген-піл кілемге ұқсаған болады екен дейді. Бұлардың бәрінің де
– шындық,бірақ қате айтып тұр. Пілдің барлық ағзаларын танығанмен, тұтасынан, толық бітім тұлғасын танудан көңілдері күмән. Өйткені кей- бір ағзаларын қолымен ұстап танығанымен өзге толық түр-тұлғасынан хабарсызы екені ақи- қат. Жұлдызшы,табиғаттанушы (материалист) қауымы да, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланы қызметкерлерінің кейбірін таныпты. Алланың құдіретіне таңданып, Қазі Рәббі падиша осы екен депті. Алла тағала бұларға да анық жолды көрсетіпті. Бәрінің де кемшілігін көріпті. Бұлар да біреудің жарлығымен болған шығар, бәрі де тек қызметкер – Құдайлыққа жарамас.