18.05.2022
  178


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ ПЕРІШТЕЛЕРІ

Сонымен, адам баласының падишалығы және жаратушы ғалам падишалығын танымақты Ұлы мәртебелі Алла екі ілім жолымен тануды иша- рат етіпті: әуелгі ілім – адам өз жаратылысын танымақ болар. Ағзалар қатынасының түзілісі және қуаттар мен сипаттар ахуалын білмек. Бұл ілім – ұшы-қиыры жоқ үлкен ілім. Оның баяны бұл кітапқа сыймас. Екінші ілім – Әзіреті жарату- шы ғалам мемлекетінің періштелерімен қатынасы және періштелердің бір-бірімен байланысы. Ға- рышы мен күрсі және аспанның алыс-берісі, қа- рым-қатынасы жайында ілім, өте үлкен салмақты дүние. Бұл ілімі де әуелгіден ұзағырақ. Мақсат


– бұл ілімдердің ишаратын білуі шарт, өйткені әрбір кісіде зеректік те, даналық та болады. Бұл ілімдерді үйреніп қана қоймай, оны меңгеріп, өзі- не бағындырумен, Хақ нұрлы Аллах тағаланың жаратылысын танығай. Әзіреті жаратушы ғалам сипатынан, оның биік дәрежесінен хабарсыз (ал- дану зиянын көрген), оның жамалының кемел- дігінен хабарсыз, құралақан мақұрым қалған кісі – нағыз надандар қатарында болатынын өздері де білмес. Ол бейшара құралақан қалғандардан; табиғат танушылар, астрономдар – ғалам істерін жұлдыздар ықпалында деп даурығатындар да баршылық. Бұлардың мысалы, шамамен майда шымалға ұқсайды, қағаздың үстімен жүріп, оны өзі байқар, қағаз бетінде жүру нәтижесінде өзіне тән сиялы із-өрнек пайда болар. Қаламды көріп, шаттанып, «Бұл істін ақиқатын білдім,бұны пайда қылған қалам ғой» – деп айтады екен. Бұл таби- ғат жайынан мысал,төмен мәртебелі әрекеттер- ге тән, мәселені жетік біле бермес. Табиғи деп (материалистік тұрғыдағы көзқарас) ғалам ішін- де пайда болған бар нәрселерді аспан – көк және уақыт – дәуірге байланыстыларды айтар. Мыса- лы, көктем кезінде гүлдердін ашылуы, уақытын- да суық болмағы және мұз қатпағы, өз дәуірінің табиғатынан деп білер. Ал одан үлкенірек құ- мырсқа келіп, айтар – сен қате істедің, бұл істің ақиқатын мен жақсы біліп алдым, бұл нақыш өрнекті пайда қылушы қалам емес, бәлкім сау- сақтар, ол сол саусақтарға тәуелді дейді. Бұл жұлдызшылардың мысалы болар. Табиғатты жұлдыздарға бойұсынатын тәуелді де дейді. Бұл да таңданарлық. Өйткені жұлдыздардың пе- ріштелерге тәуелді екенін білмейді, сонымен жұлдызшы (астроном, астрологтар) жұлдыз- дардан жоғарыға жол таба алмапты. Сондай-ақ табиғатшылар мен жұлдызшылар арасында да шектен тыс қарама-қайшылықтар бар. Толы- ғырақ айтсақ, ғалам жаратылысы денелерін жан- жақты талдасақ, ғалами әруақтан сондай несібе тапса болады екен. Бұл дәрежеден артық қосуға ұмтылмаса да бұл топтар не ғалами әруақ (рух ғалами), не жол таба алмас – тосқауылға тап болар. Сонымен, ғаламдық әруақ – ғаламның хош иісі іспетті, одан да бұл сияқты қиыншылық тосқауылдар есепсіз. Кейбірінің дәрежесі жұл- дыздарға ұқсас және кейбірінің дәрежесі айға, бағзысы күнге ұқсас болар. Бұл жағынан қа- рағанда, ол кісінің ғарыш алдындағы Миғражы болар, аспан мен періштелерді оған көрсететін шығар. Сондықтан да Хақ нұрлы Алла тағала Ибраһим Халиоллаға хабар бергені жөнінде Ан- ғам сүресінің 75-аятында «Яғни, біз Ибраһимге дүниенің ғажайыптарын көрсеттік» депті. Осы мағынаға байланысты, Әзіреті Расули акрам (с.а.у) хабар берген хадисының мәнін «Мушакатул ан- бар» (Нұрлар зиясы), «Сифатул асрар» (Сырлар сипаттары)кітаптарында баяндағанмын.


Басты мақсат – табиғатшыл бейшаралар, ғалам ісін ыстық пен суыққа байланыстыратынын ай- ту. Шындығында егер ыстық – суық Алланың құ- рал аспабының тобынан болмаса, дәрігер-тәуіптік ілім жоқ болып құрыр еді. Алайда бұл жөнінен қате қылар еді, назары шектелген төмен мәртебені ыстық-суық деп, бұны асыл-негіз деп білер. Кімге тәуелділігін, бой ұсынатынын білмес. Қадірін де, кемелін де танып, қызметкерлігін танымас. Ыстық пен суық-ең төменгі дәрежедегі қызметкерлер тобынан.


Астрологтар жұлдыздарды Алланың құрал-ас- пабы тобынан санауда, шындығында егер сондай болмаса, күндіз бен түн болмас еді. Сонымен, ыстық жалын жұлдыздар, ғалам раушандығы, ыстықтығы сонымен бірге болар. Зымыстан-қыс, жадыраған жаз барабар болар ма еді. Жаздың ыстықтығы шектен тыс болар, ыстық аспанның ортасында жақын жүрер. Жаратқан құдай аспан- ды ыстық және жарық қылыпты, Сатурнды суық етіп және құрғақ етіпті және Шолпанды ыс- тық және ылғалды етіпті деп сендірудің мұсыл- маншылыққа ешқандай зияны жоқ. Алайда астролог жұлдызшылар ол себептерден бір бөлек түсіндіріп, жұлдыздарды асыл-негізі деп санап, ғалам істерін оған жүктейді. Жұлдыздардың кім- ге тәуелді екенінен хабарсыздығын байқатар. Ағраф сүресінің 54-аятында: «Ыстық күн мен ай жұлдыздар Хақ нұрлы Алла тағаланың әміріне бағынышты және бойұсынатындар» деп басқа біреудін жарлығымен іс қылатындарды айтады. Ал жұлдыздар өздігінше ешқандай жұмыс іс- тей алмас, бәлкім періштелер жарлығымен іс қылар. Сондықтан сіңір-тамыр, жүйке атқаратын істері – тұтас денені қимыл мен іс-әрекетке кі- рістіру көмейдегі қуаттың әсерінен болар. Сон- дықтан жұлдыздар соңғы мәртебедегі қызмет- керлер тобына жатады. Егер ескеретін заттар- дың бастылары өз дәрежесінде болса да тәуелді ғаламнан болар, төрт асыл элементтері ұқсас, төменгі мәртебедегі қызметкерлерден. Яғни, жа- зушы қолындағы қаламға ұқсас деуге болады.





Пікір жазу