СЫРТҚЫ ІЛІМ МЕН СЫРТҚЫ-ІШКІ ІЛІМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР
Сонымен, көрер көзге аян – тысқы ілім қабығы, ішкі ілім ақиқат маңызы екенін білдік. Адам ерек- ше жеделдік әрекеттерімен тысқы ілімді және соқыр сеніммен орындалатын ақылға қияс және жұртшылықты өзіне тартуымен ақиқатты таба алмайды. Ондайлар тек тәкаппарлықпен, барлық ілім менің білгендерім деп күмән келтірер. Бұл сияқты күмәнданушы кеудемсоқтар ақиқат жо- лына тек перде болар. Егер адамдар бұл сияқты кеудемсоқтықтан аулақ болса, тысқы және ішкі ілім ақиқатына тосқын перде болмайды. Тысқы ілім құралымен, өте қиын істерді жеңілдетіп, оның ахуалының мәртебе дәрежесін көтеріп, ке- меліне келтірер.
Алайда бағзы сопылар ашудың атына мініп, мүдесіне жетемін деген ұзаққа созылған қияли, негізсіз, бос әурешіліктің тұтқынында қалып, ұзақ уақыт шүбәлі перденің тасасында қалар. Со- нымен қатар, кісі ілім шырағын қолына келтірді дейік. Бұл жағдайда шүбәлі ойдан аман, кеселді қатерлерден сау-саламат табандылардан болар. Егерде тысқы ілім – ақиқат жолындағы перделер деген сөзді ұлық уәлилер және білгір кәсіпкер дәрежесіне жеткен кісіден аңғарсаң таңданбағын. Бірақ ұят дегенді жинастырып қойып, жеңіл- дікке салынып, арам және мәкүрі істерді өзде- рінше халал немесе мүба (халал мен арамның ортасында) деп біліп, жеңіл табиғаттылардан болғансып, киелі жерді тәуап еткен болып және қабірстандарға зиярат етіп, пірлерімнің қыз- метінде болдым деп жүргендер бүл заманда пайда болыпты. Әр уақытта мүндайлар ақиқат жолын таба алмас хабарсыз болар. Бірақ олар кейбір ғибраттарды сопылар қауымынан жат алыпты, бұл сияқтылардың қылар істері қыды- рымпаздық пен қонақ болу мардымсыз, жағым- паз сөздермен жұртты алдап, өсек-аяң таратып, халықты тура жолдан шығуға итермелер. Ол үс- тіне сопылардың шекпенін киіп, беліне белбау байлап, мойындарын түрлі-түрлі моншақ тәс- пімен безендіріп, ілімді ғұламаларды наһақтан жамандаудан да қайтпайды. Бұлар сияқтылар- ды өлтіру керек. Олар шайтанның қызметкерлері, шайтандық сипаттағылар. Құдай тағала мен Расулилланың дұшпаны болар. Құдай Расулилла барлық халыққа ілім үйретуді бұйырыпты.
Анықтап айтсақ, бұлар сияқты жеңіл табиғат- ты опасыздарда қандай кісілік болмақ. Ілімді ғұламалар ілімге тән мәліметгер жайында теріс үгіттерін айтып, тіл ұзындығын жасар. Ал шын мәнінде, Алла тағала Расулилла С.Ә.У-нің Хадис Шәрібінде, Құран Кәрімде сан рет ғұламалар мен ілімді мадақтапты.
Сонымен, бұл мұңдар-опасыздар ілімнен, не діннен ләззат ала алмай, не тысқы ілімнен несі- бесін таппай, бұл сияқты жағдайға не үшін тап болған? Бұл сияқтылардың ахуалы ақымақтардың халіне ұқсайды. Есіткенім бар еді, химиягерлік алтын жиғаннан абзал деп, өйткені одан өлшеусіз алтын пайда болар. Абзалдығы – ақиқат, бірақ ал- тын зерін асыл дейді ғой. Бұл тұрғыдан қарасақ, олар химиягерліктен түк те хабарсыз. Химия – алтыннан абзал деп лапылдап сөз айтқанымен, әуре көр-саналықтан, яғни аштық аш-көздіктен опат болар. Шын мәнінде, әулие-әнбиелердің жаңадан тапқан кереметтері химияға ұқсайды. Олардың ілімі де алтынға қадір-мәртебесі хи- мия зерінен анағұрлым абзалдығы белгілі. Со- лай болғанымен, бұнда да аз да болса бір өлшем қасиет бар. Мысалы, бір кісіде жүз динар алтыны болып, химиягерлікті білсе, мың динар алтыны бар кісіден абзал емес пе? Химиягерлік деген сөз ғаламда есепсіз. Бірақ химиягерлікті игеріп, қолына келтіргендер бұл кезде табыла бермес. Алайда, ол бір тобыр-топтар химиягерліктің қи- лы тарабынан сөз айтар, олардың түп мақсаты, өздерін ғана ойлап, өзгенің көзін бояп алдау. Ал сопылардың да халі дәл осыларға ұқсас. Адам- дар қиыншылықпен сопылық жолға кіргенімен, кемел дәреже таппағы қиын, шамалы ғана болар. Ақиқат жолына сондай дәреже тапқанымен, ғұламалардан артық болмаc. Және сопылардың халі осындай жағдайда бола тұрып , бастапқы ке- зеңде кейбір нәтижелерді көрер. Шариатқа теріс істерінің себебінен, ол мәртебеден түсер. Кей- бiреулері қияли делбе ақылдан азғындағандар қатарында болар. Одан ешқандай нәтиже шық- пас. Күмәнданушылар де болар осы жолмен бі- лім дәрежесіне қолы жетер деген. Алайда бұл үміттен түк те шықпас. Бәлкім ғұламалардан ол кісілер абзал шығар, іліми ақиқатта елеулі же- тістікке жеткен, дін исламға қатысты барлары болады. Ілімді кісіден үйренбекке қажеті болмай өз алдына Аллалық Ладуный ілімді игеріп, бұл мәртебеге душар болған шығар. Әнбие мен әу- лиелердің ілімдегі ашқан жаңалықтарын куә- ландыра білгін. Бұл сияқты мұндарлар халінен аулақ болмақпен бірге, әулиелердің де жоғарғы құрмет дәрежесінен ықыласыңды аудармағын, олардың айтқандарын жоққа шығарушы болма. Кімде-кім ілім мен ғұламаларға құрмет көрсет- пей, менмендік аңғартса, әлбетте, ол – бұл дүние
де, ол дүниеде де несібесіздіктің белгісі болар.