18.05.2022
  174


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ – ЖӘННАТ МЕКЕНІ

Бұл мәртебе мен дәреже пайғамбарларға ғана тән қасиет деп күмәнданбағын. Бәлкім әр- бір адамның гәуһары – асыл қасиеті етпелі дәуір мемлекеті талабына лайық пайда болар. Сондықтан да адам ділі темірге ұқсас, жа- ратылысында айна сияқты, жаһан суреті кө- рінгендей болуға бейім тұрар. Егер айнаны шаң- тозаң басса, тот басып қараңғы қалыпқа түсер. Ол айналық қасиетін жоғалтар. Дәл осыған ұқсас діл де дүние-қорлықтан, күнәға батудан кірле- ніп, пәктіктен айрылып, дәрежеден мақрұм бо- лар. Сондықтан өзіне лайықты әнбие, әулиелер- ге жақтастығынан Хақ нұрлы Алла тағала Асы- раф сүресінің 172-аятында «Олардан сұрады, мен рәббіңіз емеспін бе? – деп, олар дәл солай деп жауап берді». Сондықтан да барлық адамдар түптеп келгенде, Хақ нұрлы Алла тағаланың ке- шіруіне лайықты. Бұған дәлел ретінде Лұқман сүресі 25-аятында: «Ал егер сен (Мұхаммед) кәпірлерден аспан мен жерді жаратқан кім деп сұрасаң, әлбетте Алла жаратқан» дейді. Бұл дәлелден білетініміз, бұл Пайғамбарларымызға тән қасиет емес, өйткені әулие-әнбие, Пайғам- барлар да адам баласы ғой дегенге саяды. Қап сү- ресінің 110-аятында: «Айтқын Мұхаммед (С.Ә.У.) мен де сіздерге ұқсас адам ғой, алайда тек маған Алла уақи (аян) жіберген» депті. Бірақ та ол кі- сіге діл-жұмақ мекенінің жолы ашылып, жалпы халықтың аңсағаны – халықты имандылыққа шақыру жарлығы болса, онда оны пайғамбар дейді. Сонда ғана оның халыққа тағлым берген жолын шариат дейді.


Ол адамның діліне жұмақ мекенінің жолы ашы- лып, халықты имандылыққа шақыруға жарлық болмаса, онда ол кісіні уали дейді. Ондайлардан пайда болған әдеттен тысқары амалдар, керемет дейді. Әр кісінің діліне, жұмақ мекенінің ашылуы міндетті шарт емес. Иманға шақыру үшін мүхр белгісі болуы шарт. Уалиде бұның болуы шарт емес. Әзіреті Пайғамбардан соң (С.Ә.У.) дүниеге Пайғамбар келмейтіндігін еске сақтағын.Бірақ білгенің жөн, әулиелер кереметінің куәландыр- ғанын дұрыс орындағын. Уалиліктің әуелгі шар- ты қиыншылыққа төзе білуі болар. Бұл істе, өз ықтияр қалауына да жол бар. Әрбір кісі дәнді шашқанымен емес, орғанымен оның өнім-дә- нін қолына келтірер. Бірақ әрбір атқарылатын іс ғазиз да, шарапатты да болар. Оны табудың жолы, орындалатын шарттарының қиындығы да, мүшкілдігі де болар. Сондықтан мәртебелі уали адам ахуалының кемелденуі, оның шарапа- ты болар. Бұл мәртебені қиыншылықсыз талап қылмақ және кәміл пірсіз қолға келмес. Уақыты жетіп, бұл екі шарт жүзеге асса, қашан жарату- шыға тәубесін айтқанша және Хақ нұрлы Алла тағала ешуақытта бұл бақытты ол кісіге үкім қылмаса, мұратына жете алмас. Бәлкім, дүниеде көзге көрініп тұрған ілім де көсемдік дәрежесіне ие болуы ықтимал. Бұдан басқа жағымсыз пейіл қалауының бәрі әзәл өкіміне лайықты, яғни Алла әміріне байланысты.





Пікір жазу