ДІЛГЕ ПЕРІШТЕ ҒАЛАМ-ЖОЛЫ ҚАҚПАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Бұл мекен-жай діл не ұйықтамай не өлместен бұрын дарбазасын ашпайды деме. Мәселе олай емес. Мүмкін ояу кезде де кісі өзіне қиыншы- лықты қабылдай білсе, ділді ғазап, ашу, шауһат құмарлығынан, өзіне тән нәпсі құмарлықтан тыйып, өзін қоршаған ортадан оқшау ұстап, дүние ісінен назарын аударып, қалау әуестік жолына тосқауыл қойып, ділдің назарын пе- ріште ғаламына аударып, онымен достасу та- лабын пайда қылса, Алла тағала сөздерін шын көңілмен және тілмен айтып, тілді басқа ар- тық әрекеттерден тыйып, өзінен және басқа да ғаламнан хабарсыз болып, Хақ нұрлы Алла та- ғаланы аузынан тастамай, өзгеден үмітін үзсе, өзін осы қалпында ұстай білсе, егер ояу болса да жұмақ есігі ашылын өзгелердің ұйқыда көргенін ояу кезінде-ақ көреді. Оңған әруақтар өрісі және періштелер пайда болып, жақсы суретте көрінер және Пайғамбарларды көрер, олардың медет- жәрдемдерін көрер. Аспан мен жер періштелері аян болар. Періштелер мекен-жайы ашылған кі- сіге, ұлық дәрежені нәсіп етер. Бұлар ауызекі ай- тылатын аңыздамадан тыс. Хақ тағаланың сөзі- нің Анһом сүресі 75-аятында: «Жерді, шығыс пен батысты, яғни барлық жер жүзін көрдім, аспан мен жер періштелерін Ибрахим Әлейһисаламға көрсеткендей көрсеттім» депті. Бәлкім барлық ғұлама әулие, әнбие, Әлейһус-саламға рухани жо- лы бір болар, таным мен тағылым жолы бір емес және бұл мәртебе, бұл дәрежелер қиыншылыққа төзіп, барлық күш-қайратын аянбау нәтижесінде қолға келер. Сондықтан Алла тағала, Муззамил сүресінің 8-9-аяттарында айтылған сөздерінің мағынасы «Батыс пен шығысың – пәруардігердікі. Басқа ешқандай Алла жоқ, оның өзі ғана бар. Сондықтан сіз өзіңіз үшін, Оны ғана бас өкіл етіңіз». Ал соңғы 10-аятта: «Сабыр қылғын, дін- ге сенбейтіндер айтқан сөзге (берген азарына) олардың сөзін әдемілеп жоққа шығар» депті. Бұл айтылған дәлелдер жалпы қиыншылыққа төтеп беріп, шыдай білудің тағылымы болар. Сондық- тан да діл – халқының дұшпаны, дүниеқорлық және көзге түртіп, ерекше көрініп тұрған нәрсе- лермен шұғылдану ісінен пәк таза болуы керек. Сопылар жолы, әулиелер жол-жорықтары – осы- лар. Дегенмен оқымақ пен үйренбектен, ілім- білімді болу ғұламалардың жолы болса, бұл ұлық шарапатты дәреже болар. Ал әулие мен әнбиелер кісіден тәлім алмай, Хақ нұрлы Алла тағаланың кеңдігінен, Алланың жолыменен, діл- дері раушандалып арнайы жаһандық кәмілдікке қолы жетер. Бұл ілімге қол ұрғанмен бірдей. Ол ілімді қысқаша айтсақ, діл мекен-жайына жол- дың ашықтығын тәжірибе жолымен де жетуге болатынын дәлелдейді. Егер саған бұл ілімдер- дің ләззаты мәлім болмаса да, иман келтіріп сен- гін және куәландырғын, сонда үш дәрежелі ілім- нен махұрым болмайсың. Сондықтан да діл ілімі ғажайыптарының бірі осы болар. Осылармен ғана діл адамының шарапаты.