18.05.2022
  212


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛДІ КІР-ТОЗАҢНАН ТАЗА, ПӘК ҰСТАУ

Адам болмысында жыртқыш жануарлар, шай- тандар мен періштелер сипаттары бар деп әр кезде айтып жүрерсің. Адамның асылы періш- телер гауһарынан екенін және өзге сипаттар- дың жарамсыз екенін қандай дәлелмен білеміз? Адамды періштелер қасиетіне бейімдеп жара- тып, басқа сипаттарды бейім етіп жаратпағанын қайдан білеміз?


Бұл жағдайды білгенде ықтият болғын, оны тек дәлелмен білесің. Шын мәнінде, адам жырт- қыш және төрт аяқтылардан кемелділік шама- шарқымен жоғарыда тұр. Алла әр нәрсеге бір кемел беріпті, ол кемел – сол нәрсенің өзіне тән дәрежесі ғана, оны тек сол қасиеті үшін жа- ратқан. Мұның мысалын ат пен есектің айыр- машылығынан көруге болады. Есек – жүк кө- теру үшін жаратылыпты. Атты – қазылар, батыр шабандоздар астында шабуыл, жарыс май- дандарында шабу үшін жаратыпты. Есекке де, атқа ұқсас шабатын қуат беріпті. Бірақ, жаугершілік- те ат үстінде ер-тұрман салып шабу кемелдік дәрежесін байқатар. Бұл кемелдік төмен болса, онда оған тоқым салып, есек орнына жүк артып пайдаланар еді. Бұл мәртебе – оның кемшілігі, кемелдіктен жұрдай екенін көрсетер еді.





Пікір жазу