18.05.2022
  142


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

РУХ АҚИҚАТЫ

 


Жалпы рух ақиқаты нелерден тұрады және оған тән сипаттар нешеу? Бұларды баян қылуға шариат рұқсат бермейді. Сондықтан да бұны Әзі- рет Расулі Әлейһи салам талдап түсіндіру қажет деп таппапты. Сондықтан һақ тағала Ал-исра сүренің 85-аятында айтыпты: «Ей Мұхаммед, се- нен рух туралы сұраса айтқын – рух жаратушы ием әмірінде, сендерге өте аз мәліметтен басқа ілімнен ештеме берілмеді» деп.


Әр нәрсе өзіне лайықты өлшем көлемінде жол тапса, оны болмыстық деп атайды. «Болмыс» де- ген сөз сөздікте өлшем, сандық, сапалық мәнін тү- сіндіретін ұғым. Діл жәуһарының ойдай өлшемі жоқ. Сондықтан бөлшектеуді қабыл етпейді. Егер бөлшектеуді қабыл қылса, сол бөлшектері жөнін- де ілімнің болуы мүмкін болар еді. Сонымен діл қожасы бір жағдайда білімділікке, бір жағдайда надандыққа жақын болады. Рухтың бөлшектеуді қабылдамауынан, әр түрлі көлемдегі бөлшекке жол таппауынан – Әзреті хақ нұрлы Алла тағала- ның сөз сыйы өлшемдерін жарату мәнісіне тіре- леді. Сонымен, осы мән-мағынамен, яғни көлем- ді өлшем – сырт көрінісін тапқан нәрселер, ғалам халқының тобындағылар. Ал көлемді өлшемдер жол таппайтын нәрселер ғалам халқына (тобына) жатпайды. Бір тайпалар рухты байырғы ғой деп күмән қылып, таңданыпты. Ол тайпалардың ай- туынша, рух – өткінші, баянсыз, өзінше нақты бір нәрсе емес деп ерсі көреді. Өткінші – өз затында мызғымайтын қатып қалғаннан емес, бәлкім және бір жәуһардың қызметкері болар. Рух адам жаратылысы болмысының асылы бо- лар. Барлық дене құрылысы соның қызметшісі. Сонда қалай ол өткінші баянсыз болмақ? Сол тайпалар тобы рухты «дене» деп айтыпты. Таң- ғаларлығы, тән тағдырын қабылдап, рух тағ- дырын қабылдамауында.


Жалпылап айтқанда, рух деп аталып, оның тағ- дыры қабыл қылатыны не дегенде, төрт аяқты хайуандардың да денесінде рух бар ма деген сауал туылады? Біздің рух асылы дейтініміз – Құдай тағаланың бізге сыйлаған білім орны. Хайуан- дарда бұл рух жоқ. Рух – дене емес, бөлінетін де емес, нәзік бір жәуһар десе болады. Періште- лер осы жәуһар жынысынан болар. Бұл рух ең бір нәзік ақиқатты танымақтық, оны талдауға рұқсат жоқ. Әрі сопылықтың алғашқы жолында бұларды танудың қажеті жоқ – бұл дін қағидасы- ның жолындағы алғашқы қиыншылық, яғни дү- ние ләззатынан безу. Уақыты келіп сопылық- тың шарттарын орнына келтірген жағдайда, бі- лім асылы пайда болады. Оны кісіден естудің қажеті болмас. Білім – тура жолға жетекшілік ететін жолбасшылар сипатты. Хақ нұрлы Алла тағала Құранның Анкабут сүресінің 69-аятында айтқанындай: «Біз үшін жанқиярлықпен күрес- кендерді, біз өзіміздің жолымызбен алып жүре- міз». Егер әрбір кісі қайратын тауыспастан, со- пылық қиыншылықтарын жеңіп, кемеліне кел- тірмесе, ол кісіге рух ақиқатын баян қылмақ қа- жет емес. Алайда, ол күш-қайраттың тарихын білмектен ілгері, ділдің сарбаздарын танымағы ләзім. Әр уақытта әрбір кісінің сарбазы болмаса, жеңіске қолы жетпес.





Пікір жазу