18.05.2022
  139


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДІЛ АҚИҚАТЫ

 


Ділдің ақиқатын тану үшін ділдің жаратылыс болмысын білмейінше, мүмкін емес екендігін білгенің жөн. Әуелі ділдің болмысын білгейсің, одан кейін діл ақиқатын талап еткін, ол не нәрсе өзі?


 


Сонан соң, падиша ділдің сарбаздарын таны- ғайсың, ол неше тайпалардан өткен? Одан кейін падиша ділдің және оның сарбаздарының ара- сындағы байланыс қарым-қатынастарын біл- гейсің. Ділдің сипаттарын танығанда һақ нұрлы Алла тағаланың ілім-білімін қалай білу керек? Осылардың мән-мағынасының әрбіреуіне қа- тысты белгілерін де көрсетіпті.


Алайда ділдің жаратылыс болмысының сырт көрінісімен аспан, жер және басқаларды да сырт көзімен көруге болады. Бәрін тани білсе де, өз болмысын нашар таниды. Ақиқатында сыртқы дене, аспан мен жер, тағы да басқалардан толық хабардар емес. Алайда, өзінше бәрінен де толық хабардарға ұқсайды. Әруақытта бұл істерден хабары болып, тырысып, жақсы әрекет қылса, ақырет ақиқатын да сонша жақсы таныған. Сенен бұл сыртқы тәндерді алатынын және сені сондай жерге жеткізетінін, сен фәни дүниеден ол мекен- ге баратын кездер келетінін біліп, есіңе алып жүр.


 





Пікір жазу