17.05.2022
371
Ананың қолы, Ананың қолы...
Ананың қолы, Ананың қолы,
Жылылық содан таралып еді.
Аязды суық қысқанда келіп,
Арашалағандай болады мені.
Маңдайды төсеп оған жəйімен,
Ұмытқандайын болам бəрін мен,
Қара жұмыстан қатайған қолдар,
Қымбат көрінді маған бəрінен.
Күлемін-дағы жұмамын көзді,
Ауыстырмаспын сірə, бұл кезді.
Алтынға да мен айырбастамаспын,
«Айналайындай» бір ауыз сөзді.
Əлдиге əлди жалғанса дəйім,
Бақытқа менің толғанша жаным.
Мұңаймас ана баласын сүйіп,
Ойламас қырау шалған самайын!