17.05.2022
  127


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Есітемісің, Мұнар» И. О.

Жетеді ажал күйін шақырғаның,
Өмірдің жырын жырла, Ақындарым.
Аруақтың мазаламай пақыр жанын,
Жырға қос, тіршіліктің батырларын.
Жетеді! Мені мұңға батырмағын!
Түтіндемей келеді лапылдағым.
Жетеді! Ажал күйін шақырмағын,
Толқынды шабытыңды шақыр, жалын!
Жоқтауға жоғалтқанды хақың барын,
Білемін, түсінікті аһ ұрғаның.
Жоғалтқан гауһар тасың-дарияда
Тым қиын, тыныс алмай, жақындауың.
Жетеді! Сына тағы Ақын бағын,
Күй, өртен-Тіршілік деп лапылдағын!
Қорқыттың көрін даяр еткен Ажал,
Ақынның да таңдайды батылдарын...





Пікір жазу