17.05.2022
  129


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Əйел-Өмір анасы, Əйел -Халық анасы».

«Əйел-Өмір анасы, Əйел -Халық анасы».
Бөлінбеген ешқашан бір-бірінен арасы.
Тал бесікте тербеліп жер бесікке жеткенше,
Ана жайлы адамның айнымаған бағасы.
Еңбегің де, күлкің де -тірлігіңнің əр күні,
Ардақтырақ Ананың мейірімі арқылы.
«Өмір сұлу əйелмен, əйел сұлу өмірімен».
Осылай деп келеді дене сөздің алтыны.
Қара шашы ағарып түскенінше қырауы.
Бел бүгіліп, əжімін салғанша жыл сынағы


Туған тілің-Ана тіл /ата тілі демейді/.
Аналардың аузында-«айналайын» тұрады.
Қара жердің өзін де Ана демей. Нет дейсің?!
Анаң барда- кеңпейіл. Анаң жоқта-кедейсің.
Замананың бақытты Аналары жасасын,
Бейбіт күннің бүлдіршін бөбектері көбейсін!





Пікір жазу