17.05.2022
  151


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Аналар

Аналар жұбатады,
Жылаған сəтімізде.
Аналар жұбатады,
Құлаған сəтімізде.
Жігер берген аналар аты бізге!
Бағытпен асыл, айқын,
Жігермен жасымайтын.
Тіршілік, қозғалыстарын,
Санамызда-безбенімізде,
Саралап сезгенімізде,
Жасқаншықтық тамшысы
Тұрмауы керек кезімізде,
Себебі, таусылмайтын,
Намыс берген аналар өздері бізге!
Жиналған кезімізде,
Арман қуып алыстарға.
Қиналған кездерімізде,
Қарсы жүзіп алапат ағыстарға.
Қуанғанда, жеңіспен табысқанда,
Аналар аямайды қуат əнін,
Анамен нұрланады менің жаным,
Анамен нұрлануда Ұлы Отаным!





Пікір жазу