17.05.2022
  174


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ана, сенсіз жер қаңырап бос қалған...

Ана, сенсіз жер қаңырап бос қалған,


Жылу-шуақ таба алмадым аспаннан.
Бойым мұздап, жүрек сыздап, қаңғырам,
Қарсы алдымнан шығар жабық тас қорған.
Кімге керек, жылап азап шеккенім?!
Ұшты-кетті-анажаным, кептерім,
Өліміңе кінəлімін анашым,
Неге ғана жерге кіріп кетпедім.
Құр жүріппін, көкіректеніп, даурыға,
Неге керек ендігі бас, сау, мына.
Шайтан мінез, шаян тілді, бейбағың-
Мені сонша неге тарттың бауырыңа!
Жасым ағып, айналды əбден кермекке,
Жоқсың Анам, жаным панам-жер-көкте!
Мына тағдыр Анашымнан айырып,
Болғаннан соң, маған бақыт бермек пе?!
Түкірдім мен, ей тағдырым, бағыңа,
Одан-дағы жібер Анам жанына.
Мені күтіп жол қараған жылының,
Жалғыз күні қайтар ма еді, тағы да...
Өкінішпен жылап азап шегермін,
Жазылмайтын жаным жара, не дермін?!
Анашым-ау сағынумен өлермін,
Сөнгенімше көзім жасым төгермін.
...Тіріліп кеп түсіме ендің, Анашым.
Өлген болсаң тіріліп кеп неге ендің?!





Пікір жазу