17.05.2022
  131


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тоңмойынды Ақыл, сірə, жеңген бе???

Тоңмойынды Ақыл, сірə, жеңген бе?
Шетте жүрдім, елден кеткен шерменде.
Жылан болдым жылына бір келгенде,
Ит боп үрдім, айында бір көргенде.
Енді күшім жетеді екі көзіме,
Талықсимын, еңіреймін,езіле...
Жер-жаһаннан тең келер жан таппадым,
Жан анашым, сенің жалғыз өзіңе.
Зар болдым ғой жалғыз ауыз сөзіңе,
Өлер болдым жоқтығыңды сезіне,
Неге маған безінер сөз айтпадың,
Салмадың ба ақылыңның тезіне.





Пікір жазу