meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.05.2022
  194


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Анашым қайтпасын білдім...

Анашым қайтпасын білдім,
Маған сөз айтпасын білдім,
Əлі жер басып жүрмін ұялмай.
Тəңірге табынып жыладым,
Анамды сағынып жыладым,
Көзімнің жасын тия алмай.
Ұялмай, той-тойлап жүрмін,
Ұрандай, айқайлап жүрмін,
Тарағандай тіпті, бар қайғым.
Анам жоқ, мен енді бармын,
Салғанын көрем Құдайдың,
Неге жылаймын? Ұқтыра алмаймын...





Пікір жазу