17.05.2022
181
Әже
Немеренің сипалап айдарынан,
Кəрі кемпір салады майда бір əн.
Əсем əлди əуені естіледі,
Жырақтағы жастықтың жайлауынан.
Бар ашуын сабырға жеңдіретін.
Ана еді ол баламен тең жүретін
Тағдырының бораны теріс борап,
Қоштасудың тірлікпен келді реті.
Бітіп қайран ғұмырдың қуыспағы,
Кəрі саусақ топырақ уыстады.
Қара жердің қойнына бере салып,
Ұмытты туғандары,туысқаны,
Содан бері зырлады,көп өтті күн,
Немеренің мінезі бөлек бүгін.
Шуақта ойнап отыр,жалғыз өзі,
Бір əженің білдіріп керектігін.