17.05.2022
  375


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ана

Қарлығаштай су берген,
Қаршығадай жем берген,
Қалжыраған кезіңде,
Қанатыңа дем берген.
«Құлыным» деп құмартқан,
Қылығыңды ұнатқан,
Еркелігің кешірген,
Еркелетіп өсірген,
Бесігіңе сүйенген,
Берекеңе сүйінген,
Мереке деп сезінген,
Мехнатыңа езілген.
Талап берген-тау асар,
Талабыңа жарасар.
Туған жердің қадірін,
Топырағын, жарығын,
Жұтып жүрген ауаңды,
Табиғаттай панаңды,
Тарту еткен анаңды,
Көңіліңнің түнін де,
Жарық еткен анаңды,
Қалың отқа кіруге,
Дайын еткен анаңды,
Кірпігіңе шаң тұрса,
Уайым еткен анаңды
Құрмет тұтып, сүйе біл,
Қасиеттеп жүре біл,
Қатты-қатты сөз айтпа,
Қадіріңді азайтпа.





Пікір жазу