17.05.2022
  118


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қар жауғанда

Аппақ еді не деген,
Жадырады жанымыз.
Жұмыртқадай төбеден,
Домаладық бəріміз.
Табиғатқа еркеміз,
Айналамыз тамаша-ақ.
Киіміміз, сөмкеміз,
Су-су бопты қарасақ...
Үйге осылай кіруге,
Бола ма енді, болмай ма?
Апам айтты: «Мұның не,
Осылай да ойнай ма?»
Мелі ұрыс естиін,
Жыламаймын текке мен.
Бүгін алған бестігім,
Су боп қапты, əттеген...





Пікір жазу