17.05.2022
  167


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жайнап тұрған қызыл гүл...

Жайнап тұрған қызыл гүл
Жұлдызшадан аумайды.
Жайнап тұрған қызыл гүл
Жалын құсап лаулайды.
Сары көйле секілді,
Сап-сары түс – сары гүл.
Қарашашқа, кекілге,
Жарасады бəрібір.
Аппақ гүлін даланың,
Жақсы көрем, расында,
Жұлдым-дағы мен оны,
Тағып алдым шашыма.





Пікір жазу