17.05.2022
  130


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қозының құлағы не істі?

Бақшаға біз гүл ектік,
Ауылымызды түрленттік.
Бірақ біздің қозылар,
Гүлімізге қызығар.
Жақын келіп, ойнайды,
Тəтті екен деп ойлайды,
Қутыңдаған «бұзығым»,
Жеп қойыпты қызылын...
Гүлдер бəрін кешірді,
Гүлін қайта өсірді,
Бірақ, қозы ұқпады,
Гүл қасынан шықпады.
Ұшып келген араға,
Гүлдер айтып жылады.
Қозы қашты далаға,
Ісіп кетті құлағы.
Қияс, қиқар қозы ғой,
Тыңдамаған өзі ғой!





Пікір жазу