17.05.2022
  128


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шопан

Қозы, қозы қошақан,
Көк шөп шықты, жей қойшы.
Қой өсірген момақан,
Құйтақандай мен қойшы.
Көкпектерді суырып,
Жайылыңдар далада.
Жаңбыр жауса, жүгіріп,
Тез келіңдер қораға.
Қозы, қозы, қошақан,
Қосылып кел, ойнайық.
Атам Батыр атанған,
Кішкентайдан қой бағып.





Пікір жазу