17.05.2022
  259


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Футболшы

Жанкүйер қауым шулады,
Алақан соғып дүр етті ел.
Доппенен бірге тулады,
Кішкентай бала жүректер.
Бапкердің көңілі көншімес,
Артады саған салмақты,
Асырып айла, еншілес,
Алданып қалма, ал допты.
Алыс теп, жеткіз, дəл, тура!
Досқа бер допты, алдың ба?
Шегінер жер жоқ, артыңда
Қақпаны жалғыз қалдырма.
Дегбірсіз елдің ықыласын,
Қайтесің, ерте қол соғу.
Қарсылас қақпа қақырасын,
Гол соғу керек, гол соғу!
Өзіңнен ізде көмекті,
Жеңіске жетер жолыңда.
Шеберлік үлкен керек-ті,
Кішкентай ғана ойынға.
Жеңілгенменен, жеңгенмен,
Тоқтамас ойын сапары.
Нығая берсін сендермен,
Отандық футбол қатары.





Пікір жазу