17.05.2022
304
Милиционер
Кесіп өтсең көшені,
Тəртіп бұзып егер де.
Кенет жүзің түседі,
Милиционерге.
Ала таяқ көтеріп,
Ысқырығын шалады.
Ол жек көріп қалады,
Тыңдамаған баланы.
Жол тəртібі жөнінде,
Сірə, білмей бола ма?
Өміріңді сенің де,
Күзетеді сол аға.