17.05.2022
  1254


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тігінші

Түрлі-түрлі матаны,
Көйлек етіп жатады.
Барлық адам біледі,
Киім тіккіш апаны.
Жіптің – қызыл, ағы бар,
Жасыл, көгі тағы бар.
Бір көйлектің өзінен,
Түрлі өрнек табылар.
Алып жіпті, инені,
Жарқырауық түймені.
Мен де көйлек тіккен ем,
Қуыршағым киді оны.





Пікір жазу