meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.05.2022
  248


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Палуан

Табылмаған көп елде,
Айбатына шыдар жан.
Əйгілі боп əлемге,
Қазақ атын шығарған.
Жерді жарған атағы,
Қажымұқан атаны,
Барлық халық құрметтеп,
«Күш атасы» атады.
Ұландары Отанның,
Өсіп келе жатырмыз.
Жырға қосып, атаның,
Мадақтаймыз атын біз.





Пікір жазу