17.05.2022
653
Шаштараз
Қысқа шаш па керегі,
Ұзын шаш па керегі –
Шаштаразға келсеңдер,
Бəрін жасап береді.
Қайшысы мен тарағы,
Қырқып, тарап алады.
Епті қолы шашыңды,
Тəртібіне салады.
Қорқатұғын жоқ түгі,
Жараспас шаш көптігі.
Шаштараз деп атайды,
Қолы жылдам, ептіні.